- Басты
- Жаңалықтар
- Құс фабрикасының құрылысы барысында кешенді тәсіл қолданылды – А.Лоуренс
Құс фабрикасының құрылысы барысында кешенді тәсіл қолданылды – А.Лоуренс
«Бұл кұс фабрикасының құрылысы барысында кешенді тәсіл пайдаланылды. Қазіргі таңда кәсіпорында 400 адам нәпақасын тауып отыр. Фабрика толығымен іске қосылғанда олардың саны 900-ге дейін жетеді. Сонымен қатар, өндіріс ошағы жылына 20 млн. тонна тауық етін өндіретін болады. Ал, болашақта бұл көрсеткіш екі есе арттырылмақ», деді инвестор Александр Лоуренс.
Жалпы, ілкімді істі іске асыру үшін 12 млн. долл. көлемінде инвестиция тартылған. Оның жеке бройлерлі балапандар үшін құсқоралары, сою цехтары, құрама мен жем зауыты, астық сақтау қоймасы мен жаңа инкубаторы болады. Оның үстіне компанияның жеке егін алқабы да бар. Демек, ол құс азығын өзі егіп, өзі өсіреді.
«Біздің құс фабрикасының егін алқабында тек заманауи технологиялар жұмыс істейді. Биылғы жылы олардың қатарын жаңа техникамен толықтырдық. Осы ретте айта кетерлік жайт, Кедендік одақ аясында біз қосымша баж салығысыз техниканы сатып алу мүмкіндігіне ие болдық. Бір техниканың өзі 7-8 млн. теңгеге айналса, салықпен қоса оның бағасы 12 млн. теңгеге дейін жетер еді», - деді «Ақмола-Феникс»АҚ-ның атқарушы директоры Денис Плужик
Айта кетерлік жайт, кәсіпорын 2014 жылдың жаз айларында толығымен іске қосылады. Сала мамандарының айтуынша, отандық өнім шетелдік тауардан біраз арзан болады. Америкалық технологиямен өндірілетін өнім «курочка ряба» брендімен саудаға шығарылмақ. Қазіргі таңда аталмыш маркалы өнім Қазақстандағы нарықтың 12% қамтамасыз етіп отырса, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 20%-ға дейін жеткізілмек.
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында