- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңадан салынып жатқан құс фабрикасы Астананың қажеттілігін толығымен өтейді – АШМ
Жаңадан салынып жатқан құс фабрикасы Астананың қажеттілігін толығымен өтейді – АШМ
«Жаңадан салынып жатқан құс фабрикасы толығымен іске қосылғаннан кейін жылына 20 мың тонна құс етін өндіреді. Демек ол Астананың қажеттілігін бір өзі өтейді. Айта кетерлік жайт, оның жеке бройлерлі балапандар үшін құсқоралары, сою цехтары, құрама мен жем зауыты, астық сақтау қоймасы мен жаңа инкубаторы болады. Тіпті, компанияның жеке егін алқабы да бар. Бұл дегеніңіз фабрика өзіне қажеттінің барлығын өзі өндіріп, сақтай алады. Оның үстіне өндірісте қажетті техниканы сатып алу үшін мемлекет арзан теңгелей несие берді», - деді АШМ басшысы Асылжан Мамытбеков.
Сонымен қатар, министр еліміздегі құс еті өндірісінің қазіргі жағдайыменде бөлісті.
«Жалпы, соңғы кездері елімізде мал етінен гөрі құс етіне деген сұраныс артуда. Егер, 2009 жылы Қазақстанда тек 60 мың тонна құс еті өндірілсе, бүгінде ол 300 мың тоннаға жетті. Әйтседе, отандық өндірушілер нарық қажеттілігінің тек 50% қанағаттандырады. Сондықтанда үкімет осы салаға ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі таңда пайыздық үстемақыны субсидиялау жүргізілуде және инвестициялық субсидиялаудың жаңа мехенизмдері ойластырылып, енгізілуде» - деп Асылжан Мамытбеков ағынан жарылды.
Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда кәсіптік құс шаруашылығы мал шаруалығының ең дамыған саласы болып отыр. Елімізде барлығы 59 құс фабрикасы жұмыс істесе, оның 21 бройлер етін өндіретіндер, 33 жұмыртқа бағытындағылар, ал, қалған 5 қосөнімді кәсіпорын. Сонымен қатар, импорт алмастыру мақсатында отанық құс фабрикалары салқындатылған құс етін өндіруге жайлап көшуде. Бүгінде Қазақстанда салқындатылған құс етінің көлемі 10%-ға жетті.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет