- Басты
- Жаңалықтар
- Братиславада қазақстан-словак ведомствоаралық кеңесулер өтті
Братиславада қазақстан-словак ведомствоаралық кеңесулер өтті
Сындарлы және игілікті ортада тараптар қазақстан-словак қарым-қатынастарының саяси, сауда-экономикалық салаларының даму жағдайы мен болашағы, сондай-ақ БҰҰ мен Еуропалық Одақ шеңберіндегі ынтымақтастық туралы пікір алмасты, деп ҚР СІМ хабарлады.
Кездесу барысында өзара мүддені білдіретін аймақтық және халықаралық сипаттағы көкейкесті мәселелерге, оның ішінде Украинада орын алған жағдайға ерекше назар бөлінді. Тараптар келіссөздер арқылы аталған мемлекеттегі дағдарысты бейбіт жолмен еңсеруге, демократиялық және заңды сайлауды өткізу қажеттігіне назар аударды.
Сонымен қатар, экономикалық дипломатия шеңберінде екі елдің сыртқы саяси ведомствалары арасындағы өзара әрекеттестікті белсендендіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Өз кезегінде, А.Волков ҚР СІМ алдындағы басты міндет инвестициялар мен жаңа технологияларды мақсатты түрде тарту болып табылатындығын хабарлады. Осы орайда, қазақстандық дипломат словак тарапын алдағы уақытта өтетін «EXPO 2017» халықаралық көрме жұмысына қатысуға шақырды.
Бұған қоса, тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы сұхбатты тереңдету мәселелерін талқыланды. Қазақстандық делегацияның басшысы кеңейтілген Еуроодақпен әрекеттестіктің түйінді сәті өзара қатынастарымыздың келесі, яғни толысқан кезеңін көрсетуге мүмкіндік беретін, визалық тәртіпті ырықтандыру мәселесін қоса алғанда, кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісімді дайындау болып табылатындығын атап өтті.
Өз кезегінде, ерекше көңіл халықаралық ұйымдар шеңберіндегі келісілген өзара әрекеттестік мәселесіне бөлінді. Бұл мәнмәтінде тараптар БҰҰ органдарына өзара қолдаумен алмасуда кез келген мүмкіндіктерді қарастыруға дайындығын білдірді.
Кездесу барысында СР Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Мемлекттік хатшысы П.Буриан Қазақстан ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі Словакияның Орталық Азия аймағында маңызды және келешек серіктесінің бірі екендігін белгілеп айтты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті