- Басты
- Жаңалықтар
- Ляньюньган портындағы логистикалық терминал құрылысы 2014 жылы басталады
Ляньюньган портындағы логистикалық терминал құрылысы 2014 жылы басталады
«Бірінші кезектегі жобалардың тағы бірі 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін салынатын Қытай Халық Республикасының Ляньюньган портының терминалының құрылысы болып табылады. Бұл жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен және «Ляньюньган порт компаниясымен» бірлесіп жүзеге асырылуда», - дейді Ә.Асаубаев.
Оның айтуынша, Ляньюньган қытай портының таңдап алынуына себеп болған басты фактор Еуропа бағытындағы транзиттік жүк, экспорттың тасымалдануы тұрғысынан географиялық қолайлы орналасуы болып табыалды.
«Өздеріңізге де белгілі, Ляньюньган порты әлемнің ең ірі 25 портының тізіміне енеді. Терминал құрылысының басты мақсаты қазақстандық жүкті тасымалдау мен өңдеу мүмкіндігінің болуы, оңтүстік-шығыс Азия елдеріне және Австралияға шығу мүмкіндігі», - дейді Ә.Асаубаев.
Құрылыстың нақты басталатын уақытының 2014 жылдың екінші маусымының соңына қарай жоспарланып отырғанын да тілге тиек етті.
«Сонымен қатар, қытайлық әріптестер бетондық негіз бен грунтты шұқырлы терминал құрылысы үшін дайындықтың нөлдік циклі жұмыстарын 2013 жылы жүргізгені анық», - деді Ә.Асаубаев.
Министрлік тарапынан «Алматы-Қорғам» аумағының пайдалануға берілуіне байланысты Қытаймен арадаы шекарада қосымша өткізу пункті құрылысы мәселесі қаралуда.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолын біз 2015 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда аталған бірінші кезектегі шаралар экономикалық өсімді ынталандырып, экономиканың нақты секторларына қолдау көрсету мен жеке секторды кеңейтудегі экономикалық реформалар аясындағы жаңа инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді», - дейді Ә.Асаубаев.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді