• Басты
  • Н. Назарбаев инвесторларды тартудың әкімшілік кедергілерін алуды тапсырды
25 Сәуір, 2014 13:28

Н. Назарбаев инвесторларды тартудың әкімшілік кедергілерін алуды тапсырды

Елорданы одан әрі дамытуға арналған отырыста Н. Назарбаев инвесторларды тартудың әкімшілік кедергілерін алуды тапсырды.
Н. Назарбаев инвесторларды тартудың  әкімшілік кедергілерін алуды тапсырды

«Барлық қорытындылар үлкен жұмыстың атқарылғанын көрсетеді. Басты тәжірибелік жұмыс әкімдік қарамағында. Мемлекеттік бюджетке түсу көлемі соңғы бесжылдықта екі есеге көбейді. Яғни, 60 млрд теңгеге жетті. Өнім көлемі бойынша, активтердің құны бойынша Астана елордаға салған шығынды өтеді. Құрылыс – барлық елдің активтері. Біз байлықты Қазақстанның бір қаласына енгізсек, ол одан әрі дами түседі», - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, шетелдік инвестицияның жалпы көлемі бар болғаны 0,2% құрайы.

«Бізде шетелдік компаниялар ғимаратының жетіспеушілігі жоқ. Инвесторларға қызмет көрсету орталығы, арнайы экономикалық аймақ құрылды. Алайда инвесторларды тарту көрсеткіші әлі де жеткіліксіз. Біздің елге қаражат құюға мүдделі көптеген инвесторлар бар болғанымен, оларың алдынан кесе көлденең шығатын кедергілер де жоқ емес. Қиындықтың бәрі жер телімін беруден, жобаны растаудан және рұқсат беруден басталады. Бұл мәселені шешу үшін  тек әкімдіктерге ғана емес Үкіметке де (Әсет Исекешев) тапсырма жүктеймін. Бұл тұрғыда Астана басты назарда болуы керек. Әкімдікпен біріге отырып қалаға молынан инвестиция тарту мәселесін пысықталуы керек», - деді Мемлекет басшысы. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды