- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Павлодар облысында 12 инвестжоба жүзеге асады
2014 жылы Павлодар облысында 12 инвестжоба жүзеге асады
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, Индустрияландыру картасын іске асыру негізінде жүзеге асады, ал Индустрияландыру картасы аясында 1078,8 млрд. теңгеге 85 инвестициялық жоба іске асырылуда, 9960 жұмыс орны құрылған.
Үстіміздегі жылы инвестиция көлемі 33,2 млрд. теңге болатын 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, 1140 жұмыс орнын құрылмақ.
« Осы жылғы бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша өңіріміздегі ірі кәсіпорындардағы өндіріс көлемінің төмендеуін көріп отырсыздар. Бұл мәселені ҚР Үкіметінде көтерген болатынмын, облыстағы кейбір кәсіпорындарға көмек көрсетіліп те жатыр. Мәселен, «Қазақстан алюминийі» АҚ үшін темір жол тасымалдарында тарифтер төмендейді, пайдалы қазбаларды өндіру салығы түзетілмек, Ресей тарапынан арзан мазутты импорттауға рұқсат берілмек, сондай-ақ каустикалық соданы сатып алу бағасы төмендейтін болады. Облыс әкімдігі мұндай жұмысты барлық ірі кәсіпорындармен жүргізеді. Облыстық әкімдік жанынан ірі кәсіпорындармен жұмыс жасау штабы құрылатын болады. Әр кәсіпорын бойынша «қол режимінде» нүктелі шараларды қолдануымыз қажет», - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.
2013 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыстың ішкі өңірлік өнімі 1,7 пайызға артып, 1067,7 млрд. теңгені құрады. Алайда экономиканың нақты секторында 2014 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіп саласында төмендеулер байқалады. Олар облыстың төрт көмір шығарушы кәсіпорындарындағы көмір өндірісінде, металлургия, химия және электр қуаты салаларында көрініс тапқан.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы