- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңды қабылдады
Сенаторлар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңды қабылдады
Палата «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңды да қабылдады. Құжат «Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген болатын, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл заң жобасын қарау барысында сенаторлар Үкіметке заң жобаларын мейлінше сапалы әзірлеу қажеттігіне және көрсетілген ережелерді түсіндіруде екіұдайлыққа жол беруге болмайтынын атап көрсетті. Осыған байланысты Сенат Төрағасы әділет министрлігіне заң жобаларын әзірлеуде мониторинг және үйлестіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң екі оқылымда қаралып, қабылдады. Құжатпен 79 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Бұл құжаттың негізгі ережелері рұқсат беру құжаттарының санын қысқарту, рұқсат беру құжаттарын беру рәсіміне ұсынылатын талаптарды нақты регламенттеу, бизнесті жүргізуге кедергілерді жою, рұқсат беру және хабарлама жасау рәсімдерін жүзеге асыруды автоматтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу арқылы рұқсат ету жүйесін реформалауға бағытталған.
Палата сондай-ақ «Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы» заңды да қабылдады. Келісімді Қазақстан Республикасы 2005 жылғы желтоқсанда ратификацияланған болатын. Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы ЕурАзЭҚ-ның бірыңғай кеден аумағына қосылған кезден бастап күшіне енетін жекелеген баптарды қоспағанда, Келісім 2007 жылғы желтоқсанда күшіне енді. Аталған баптарда, олар күшіне енген жағдайда, ЕурАзЭҚ-ға мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан) аумағы бойынша экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың еркін тасымалдануы көзделеді. Экспорттық бақылауға жататын өнім жаппай қырып-жоятын қару, жай қару-жарақ жасау үшін ықтимал пайдалану, сондай-ақ тікелей террористік әрекет үшін пайдалану тұрғысынан қауіп төндіреді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар