- Басты
- Жаңалықтар
- Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді
Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді
Президент Нұрсұлтан Назарбаев үдемелі индустриялдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуының қорытындысын шығарады, сондай-ақ, алдағы жылы алға қойылатын жаңа мақсаттарды айқындайды деп жоспарлануда.
Жалпыұлттық телекөпір барысында «Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» жылсайынғы байқауларыныңлауреаттарын марапаттау салтанаты жоспарланған. «Парыз» байқауы және «Аллтын Сапа» арнайы жүлдесінің гран-при мен жоғары марапатын дәстүр бойынша Н.Назарбаев табыс етеді.
Күні кеше ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім еткендей, Кедендік одаққа мүше болып, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер тұста Қазақстан үшін экономикалық дамудың жаңа деңгейі мен шағын және орта бизнесті қолдау баршамызға өте маңызды.
«Қазақстандық экономикалық саясаттың басты мақсаты – кәсіпкерлік қатынастың бәсекелестікке жарамды бизнесін құру, бәсекелестікке жарамды инвестициялық ахуал мен қолайлы жағдай қалыптастырып, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, дамудың жаңа деңгейіне көшу», – деп атап өтті Әбибуллаев.
Жылсайынғы «Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары ұлттық саясаттың, отандық өндірушілердің, кәсіпкерлер мен ұлттық экспортерлерді қолдау мен ынталандырудың маңызды кепілі болып табылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары