- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесін талқылады
ДСМ сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесін талқылады
Лауазымды тұлғалармен байланысты болдырмау мақсатында құжаттарды «бір терезе» қағидасы бойынша қабылдау және беру қарастырылған. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркеу» қызметі электрондық форматта көрсетіледі. Астанада және Ақмола облысында «Дәрігерді үйге шақыру», «Дәрігерге қабылдауға жазылу» қызметтері қанатқақты режімде көрсетілуде, деп ведомствода хабарлады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның пайда болуына ықпал ететін себептерді жою – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басым бағыттарының бірі. 2011 жылдан республика бойынша үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қатысуымен Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестер және денсаулық сақтау саласында азаматтардың арыз-шағымдарын қарау комиссиялары құрылды. 2013 жылы олардың құрамындағы ҮЕҰ үлесі 31% құрады.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарға негізделген біліктілік емтихандары процедуралары жетілдірілуде. Дәрігерлердің білімін және машықтарын бағалау республикалық орталығы симуляциялық технологияларды пайдалана отырып өткізетін шараларға ерекше маңыз беріледі.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Бас Прокуратурасымен бірлесіп, сот сараптамалары өндірісі мерзімі есебінің автоматтандырылған жүйесін Астана және Оңтүстік Қазақстан филиалдарында қанатқақты режімде енгізді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
ДСМ: Қазақстан қызыл аймаққа еніп, шектеу шаралары күшейтілді