- Басты
- Жаңалықтар
- Қытай мен Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастыққа келді (фото)
Қытай мен Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастыққа келді (фото)
«Біз өзіміздің мемлекеттік қызмет бойынша заңнамалық базамызды құрдық. Біздің алдымызда осы механизмді одан әрі жетілдіру міндеті тұр. Осы ретте біз үшін өзге мемлекеттердің тәжірибесі аса маңызды. Оның ішінде Қазақстанның тәжірибесіде бар. Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласы жаңадан дамып келе жатқан жүйе. Алайда біздің мемлекеттік қызмет жүйемізде соншалықты үлкен жаста емес», - деді сөз басында Ян Шицю.
Сонымен қатар ол, Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласындағы жеткен жетістіктерін тілге тиек етті.
«Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі өте жас. Алайда біздің қазақстандық әріптестеріміз бұл жүйені қалыптастыруда өте креативті тәсілдерді қолданған. Сонымен қатар, бірқатар тиімді ұсыныстарда жасаған. Дәлірек айтатын болсақ, ол Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңжобасы, мемлекеттік қызмет саласы бойынша реттеу шаралары, сондай-ақ Қазақстан өзге елдердің тәжірибесін өз ұлтының ерекшеліктеріне бейімдей отырып пайдалануда. Баса айта кетерлік жайт, соңғы жылдары Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалауды да қарқынды жүргізуде. Олар бәсекелестік жүйесі, тестілеу, мемлекеттік қызметкерлерді аттестатциялау , мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және т.б. Жоғары да айтылғандардың барлығы Қытай үшін үлкен тәжірибе. Демек біздің Қазақстаннан үйренеріміз көп», - деді Ян Шицю.
Қытай Халық Республикасының Адами ресурстар және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің вице-министрі сөз соңында: «Бұл Қытай мен Қазақстан арасында мемлекеттік қызмет саласын дамытуда жасаған алғашқы қадамамыз. Алдағы кездесулерімізде оның нәтижесі мен жалпы жұмыстың жүру барысы туралы кеңірек әңгімелейтін боламыз», деп ағынан жарылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция