- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да отандық азық-түлікті қолдануды насихаттау керек – Б. Қасенов
ҚР-да отандық азық-түлікті қолдануды насихаттау керек – Б. Қасенов
«Кедендік одақ біз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуда, бірінші кезекте кәсіпкерлер үшін астық, бидай, ұн,ет өнімдерін қолдануды насихаттау үшін қолайлы», - деді Б. Қасенов.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан үшін Оңтүстік Сібір мен Алыс шығыс нарығына жол ашылды.
«Үш елдің бірігіп жұмыс істеуі арқылы жаңа нарықтарды бағындырып, соның ішіне ішкі нарықтың да жағдайын жақсарта түспекпіз. Отандық өнімнің тұтыну көлемін барынша арттыра түсу үшін күш салу керек. Жаңа технологияларды енгізе отырып, өнімнің жаңа түрлерін көптеп шығару арқылы шаруалардың да жағдайының жақсаруына көңіл аударғанымыз жөн. Жалпы, біз Еуразиялық экономикалық одақ құру келісімін құптаймыз», - дейді ол.
Б.Қасеновтың айтуынша, экономикалық прагматизм ұстамын жетекшілікке алу керек.
«Яғни, қазіргі таңда көріп отырғанымыз, базалық келісімнің мұндай жағдайы ескірді. Және де қамтуы бойынша экономикалық шарттарға сай келмейді. Мәселені жан-жақты пысықтай отырып қолға алған жағдайда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша келіспеушіліктер шешімін табады. Бұл шара бір жылық нәрсе емес. Алдағы уақытта жетіліріле түспек», - дейді Б.Қасенов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді