- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президентіне «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау туралы баяндалды
ҚР Президентіне «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау туралы баяндалды
Ақордада хабарлағандай, кездесу барысында қордың қазіргі қызметінің мәселелері, алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды.
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасын әзірлеуді қыркүйекке дейін аяқтауды, оны қордың барлық корпоративтік органдарында талқылауды және Үкімет қарауына енгізуді тапсырды.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезде қор бірқатар орта және шағын компанияларын сатуды барынша ашық және әділ нарықтық баға бойынша жүргізуі тиіс екендігін атап өтті.
Ө.Шөкеев қорды трансформациялаудың корпоративтік орталықтар мен қордың еншілес компанияларының бизнесін басқару саясатын да өзгертуді қамтитын бағдарламасын әзірлеу барысы туралы баяндады.
Бұған қоса, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы жекешелендірудің жаңа кезеңіне дайындық аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Атап айтқанда, ол қор құрамынан 200-ден аса компанияны шығару, сондай-ақ «КЕГОК» компаниясының өз акциясынан 10%-ын орналастыратын «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу жөніндегі жоспарлардан хабардар етті.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы