- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық жобасы 30 мектепке енгізіледі - К. Шамшидинова
2015 жылы 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық жобасы 30 мектепке енгізіледі - К. Шамшидинова
«12 жылдық білім беру жүйесі тек халықаралық талаптарға ғана емес баланың физиологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасақталған. Маманның айтуынша, 2015 жылдың қыркүйек айынан 12 жылдық білім беру пилоттық жобасы еліміздің 30 мектебіне енгізіледі. Әлемнің бірқатар елдерінде жоғары білім саласы экономикаға табыс әкелетін салалардың бірі. Осы ретте АҚШ пен Жапонияны айтсақ болады. Бұл елдерге жан-жақтан білім алуға адамдар ағылады. Осы тұрғыда алып қарайтын болсақ Қазақстанның білім беру жүйесі дамыған мемлекеттерге жақын» - деп сөз басында басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова ағынан жарылды.
Сонымен қатар, педагог мемлекетіміздің білім саласындағы кемшіліктерді де тілге тиек етті. Оның айтуынша, қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі ол дайын ақпаратты баланың аузына салып береді, алайда оны оқушының қаншалықты игергенін немесе оны қайдан іздеу керек екеніне бас ауыртпаймыз. Оның үстіне балалар алған білімін алдағы уақытта қалай пайдалануға болатынына үйретілмейді екен.
«Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі білім беру жүйесі бойынша оқушы ұстазға тәуелді. Ал, жаңа білім беру стандартына сәйкес, осы олқылықтың орнын толтыруға тырысамыз. Балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге үйретіледі. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға машықтандырылады», - деді Күләш Шамшидинова.
Сала маманының мәліметі бойынша жалпыға ортақ стандартқа сәйкес бірқатар пәндер біріктіріледі. Мысалы сурет, технология сынды пәндер «өнер» пәні болып бір пәнге біріктіріледі.
«Жаңа білім беру стандарты ол барлық деңгейдегі мектептердің бірдей енгізіліледі. Яғни ауылдық немесе қалалық мектептер деп таңдалмайды. Баса айтып өтетін жайт, жоба қосымша қаржыны қажет етпейді», -деді сөз соңында Күләш Шамшидинова.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты