- Басты
- Жаңалықтар
- Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 3 мыңнан астам үлескердің мәселелері шешілген - СҚЖҚ
Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 3 мыңнан астам үлескердің мәселелері шешілген - СҚЖҚ
23 Сәуір, 2013 00:00
Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 3 мыңнан астам нысан үлескерінің мәселелері шешілген, олардың жалпы ауданы 1 млн шаршы метрден асады, деп хабарлады «Самұрык-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов.
«Қордың қатысуымен жылдың соңына дейін аяқталған ауданы 1 млн шаршы метр болатын тұрғын үй нысандарының құрылысы, ол 7 мыңнан астам пәтерді құрайды, 3 мыңнан астам үлескердің мәселелері шешілген», - деді Б.Палымбетов.
Жалпы алғанда, іске асырудың басынан бастап, пайдалануға 17 нысан берілген, олардың 5-еуі 2012 жылы, осылайша Дағдарысқа қарсы аталған бағдарламаны жүзеге асыру аяқталған, ағымдағы жылы соңғы нысан аяқталады.
Сонымен бірге, қор тұрғын үй құрылысының іске асырылатын жобаларында жергілікті қамтуды арттыру бойынша шаралар қолданылуда. Осылайша, өткен жылдың қортындысы бойынша «Салушылардың қазақстандық қамтуы» шамамен 74%-ды құрады.
Жобаларды жүзеге асыру шеңберінде жылжымайтын мүлік қоры 180-нен астам құрылыс және мердігерлік ұйымдармен, сонымен қатар 300 құрылыс материалдарын, жабдықтарды өндірушілермен және олардың делдалдарымен серіктестік ұйымдастырылған.
Жобаларды жүзеге асыру шеңберінде жылжымайтын мүлік қоры 180-нен астам құрылыс және мердігерлік ұйымдармен, сонымен қатар 300 құрылыс материалдарын, жабдықтарды өндірушілермен және олардың делдалдарымен серіктестік ұйымдастырылған.
Осылайша, ағымдағы жылы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тұрғын үй ғимараттарын сатуды Жылжымайтын мүлік қоры сату және сатып алумен бірге жалға беру арқылы жүзеге асырады. Алматыда «Асыл арман» және Ақтөбеде «Юнис сити» тұрғын үй нысандарының құрылысына инвестициялау келісім-шарттары жасасқан.
Бұдан өзге, бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына ыңғайлы болу үшін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға онлайн режимде өтінім беруге мүмкіндік береді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады