- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да GMP халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде – ДСМ
ҚР-да GMP халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде – ДСМ
Бүгінгі таңда дәрі-дәрмек өндіретін 42 кәсіпорынның ішінде 2 өндірушінің 4 өндірістік учаскесінде GMP стандарттарына сәйкестігі туралы келісім бар, деп ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өндірісті дамыту бағдарламасының орындалу барысына» арналған отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы С.Мусинов мәлімдеді.
Сонымен қатар, 18 өндіруші осы халықаралық стандартқа ие болуды жоспарлап отыр. Қазір олар бұл бағытта үлкен жұмыстар атқаруда: жаңа ғимараттар салып, ескілерін қайта жаңғыртуда, мамандарын оқытуда және т.б.
Халықаралық мамандарты тарта отырып, ұлттық инспекторатты әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін республикада мемлекеттік органның 200-ден астам маманы оқытылды.
Қазақстанның фармацевтикалық инспекция ынтымақтастығының халықаралық жүйесіне (PIC/S) қосылу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылғы наурызда Қазақстан халықаралық жүйеге өтініш беруші дәрежесіне ие болды.
PIC/S – халықаралық стандарттар саласында белсенді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге арналған фармацевтикалық инспекциялық органдарды біріктіретін халықаралық ұйым.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер