- Басты
- Жаңалықтар
- А. Башмаков ҚХА жұмысының 3 негізгі бағытын атады
А. Башмаков ҚХА жұмысының 3 негізгі бағытын атады
«Төраға орынбасары болып тағайындалған соң, маған жүктелiп отырған жауапкершiлiктiң зор екендiгiн сезiнемiн. Өз жұмысымды үш бағытта жүзеге асырмақпын. Бiрiншi бағыт –ҚХА-ның аймақтағы жұмысын жандандыру. Екiншi бағыт – Елбасы ұсынған «Мәңгiлiк ел» тұжырымын жан-жақты насихаттау. Атап айтар болсақ, шекара маңындағы шет елдегi қазақтарға «Мәңгiлiк ел» идеясын түсiндiру. Еуразиялық ұлттық университетi жанынан ҚХА кафедрасы құрылған. ЖОО жанынан осындай кафедралар ашып, оның жұмысын дамыту – үшiншi бағытым. Осы үш бағытта жұмыс атқармақпын», - дедi А.Башмаков.
Сонымен қатар, ол қазақстан-ресей шекарасында 1 млн-дай біздің отандасымыздың тұрып жатқанын тілге тиек етті.
«Бұндай жұмыстарда біздің тәжірибеміз мол. Аталмыш мәселені бұрын да қарастырғанбыз. Мереке күндерінен кейін Қазақстанның шекара маңындағы өңірлеріне шығып, отандастарымыздың арасында рухани байланыс орнатып, «Мәңгілік Ел» секілді құндылықтарымыз туралы ойларымызды ортаға саламыз», - дейді А.Башмаков.
Оның айтуынша, өткен жылы Л.Гумилев атынағы ЕҰУ жанынан ҚХА кафедрасы құрылды. Ол этникалық толеранттылыққа қатысты жұмыстардың ғылыми және әдістемелік базасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Анатолий Башмаковты Мемлекет басшысы ҚХА төрағасы орынбасары қызметіне тағайындады, А. Башмаков бір мезетте ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып табылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады