- Басты
- Жаңалықтар
- Түрікменстан мен Иран шекарасында жаңа астық терминалын салу жоспарлануда – Азық-түлік Корпорациясы
Түрікменстан мен Иран шекарасында жаңа астық терминалын салу жоспарлануда – Азық-түлік Корпорациясы
«Бүгінгі таңда Қазақстан меншігінде бірқатар астық терминалдары бар, олар мемлекеттің меншігі және жеке меншік болып есептеледі. Мемлекеттік меншікке келетін болсақ, олар: Ақтау қаласының Каспий теңізіндегі «Ақ бидай» терминалы, «Бакиндік астық терминалы» Баку қаласында орналасқан және Иран шекарасындағы Каспий терминалы», - деді Н. Дайырбеков.
Жеке компанияларға келетін болсақ, Балтық және Азов теңізінде орналасқан астық терминалдары бар.
«Экспортты ары қарай дамыту қажеттілігін ескере отырып біз инфрақұрылым мәселесіне назардан тыс қалдырмауымыз керек. Түрікменстан арқылы Қазақстан мен Иранды байланыстыратын темір жол құрылысының пайдалануға берілгенінен кейін аталмыш елге де астық экспортымыз арта түспек. Сонымен қатар, Түрікменстан мен Иранның шекрасына астық қамбасын салып, аталмыш бағыттағы экспортты оңтайландыра түспекпіз», - дейді брифингте корпорацияның басқарушы директоры.
Оның айтуынша, қазіргі таңда азық-түлік корпорациясы шығыс бағыты – Қытай тарапына астық қоймаларын дамыту мәселесін қарастырып жатыр.
«Бұл өз кезегінде Қазақстанық бидайдың алыс шет елдер мен Қытайға сататын экспорты көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - дейді.
Айта кету керек, Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы шет елдерден жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы техникаларын біздің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері