- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте Қылмыстық-атқару кодексінің жобасы мақұлданды
Мәжілісте Қылмыстық-атқару кодексінің жобасы мақұлданды
«Заң жобасы сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін, қылмыстық жазаларды орындаудың тиімділігін едәуір арттыру, сотталғандарға тәрбиелік тұрғыдан ықпал етудің сапасы мен дәрежесін жақсарту және сотталғандарға қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету мақсатында қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Аталған міндеттер прогрессивтік жүйе бойынша жазаны орындау тетігін жетілдіру, кешенді Пробация қызметін кең ауқымда енгізу, сотталғандардың құқықтық жағдайын оны қамауға алынғандармен қарым-қатынастың халықаралық стандарттарына жақындату жолымен бекіту, сотталғандарды ұстаудың отрядтық тәртібінен камералық тәртібіне кезең-кезеңмен ауысу арқылы іске асырылады», - деді жұмыс тобының жетекшісі Светлана Бычкова.
Мәжілісте хабарлағандай, заң жобасын қабылдау қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды анағұрлым кең қолдануға, сотталғандар мен жазасын өтеуден босатылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және оңалтуға, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі қылмыстың қайталану деңгейін азайтуға жағдайлар жасайды, сондай-ақ сотталғандармен жүргізілетін тәрбие процесіне жұртшылықтың қатысу тетігін қалыптастырады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар