• Басты
  • Мәжіліс алкоголь өнімі туралы заңнамаға енген өзгертулерді мақұлдады
23 Сәуір, 2014 14:30

Мәжіліс алкоголь өнімі туралы заңнамаға енген өзгертулерді мақұлдады

Бүгін Мәжіліс Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Мәжіліс алкоголь өнімі туралы заңнамаға енген өзгертулерді мақұлдады

Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Глеб Щегельскийдің мәлімдеуінше, заң жобасын әзірлеуге Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін, экономикалық қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау қажеттігі себепші болды, деп Мәжілісте хабарлады. Мемлекет этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы процесінде туындайтын құқықтық қатынастар саласындағы қатысушыларға ықпал етудің тиімді тетіктерін иеленуге тиіс. 

Заң жобасында спиртті ішімдіктердің сатылу орындарын және  сату уақытын шектеу мақсатында мейрамханаларды, дәмханаларды және барларды қоспағанда, кешкі сағат 21-ден бастап келесі күнгі сағат 12-ге дейін жұмыс және демалыс күндеріне бөлместен, күшті спиртті ішімдіктерді сатуға, сондай-ақ алкоголь өнімін автомобильге май құю станцияларында өткізуге тыйым салуды енгізу жөнінде нормалар көзделеді.

Алкоголь өнімін өндіруге және оның көлеңкелі айналымын төмендетуге инновациялық бақылау әдістерін енгізу арқылы этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында заң жобасында  өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірудің ең төменгі көлемдерін белгілеу жөніндегі, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдерін бақылау үшін жаңғыртылған бақылау есеп құралдарын енгізу жөнінде  нормалар көзделеді. 

Сонымен бірге, заң жобасында алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу аясында  заң жобасының белгіленген талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту және алкоголь өнімін өткізу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымды енгізу жөнінде нормаларды көздейді.

Бұдан басқа, заң жобасында бизнес субъектілерін контрафактілік және заңсыз алкоголь өнімін сатып алудан сақтандыру мақсатында алкоголь өніміне арналған есептік-бақылау таңбаларының төлнұсқалығын айқындайтын құралдарды енгізу көзделеді.  

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды