- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы АЭС жобасының құрылысымен мамандандырылған компания айналысады – ИЖТМ
Қазақстандағы АЭС жобасының құрылысымен мамандандырылған компания айналысады – ИЖТМ
«Қазақстан экономикасының дамуы экономика мен электр және жылу энергиясын қолдану тапшылығының сұрақтарын өзекті қылдыра түседі. Біз қазір Қазақстанда АЭС құрылысын жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін бірқатар бірінші лекті шараларды қарастырудамыз. Бірінші кезекте, бізге арнайы атқарушы компания құру қажет. Ол қазақстандық АЭС құрылысымен айналысуды қамтамасыз етеді», - деді М. Шәріпов.
Оның айтуынша, компанияның жұмысы АЭС құрылысын жүргізу барысында құрылыс-сметалық құжаттар мен алдын ала жобалық жоспарға бағытталды.
Өз кезегінде, ҚР индустрия және жаңа технологиялардың вице-министрі Б.Жақсалиев: «Бүгінде Қазақстан Үкіметі бірінші кезең бойынша жұмыстар жүргізді. АЭС құрылысы бойынша әлеуетті аудандар таңдалды», деп атап өтті.
«ТЭН нәтижесі бойынша АЭС нақты қай жерде орналасатыны, таңдалған аймақтардағы нақты қандай жер көлемін алатынын көрсетеді», - деп ол толықтырды.
«АЭС құрылысы Қазақстанға өзін ұзақ уақыт бойы электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Себебі, АЭС жұмысы 60 жылға жобаланған. Қазіргі таңда дәстүрлі электр қуаты көздерінің яғни мұнай, көмір, газдың құны өте тұрақты. Бұл мемлекетіміздегі энергия көздерін әртараптандыру мәселесінің маңыздылығын арттырады», - деп М. Шәріпов атап өтті.
Комитет басшысы атап өткендей, Қазақстанның АЭС орналастыру бойынша тәжірибесі жоқ. Сондықтанда ведомсвто осы сала бойынша халықаралық тәжірибені, оның ішінде Беларусияның тәжірибесін зерттеуде, деді ол.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы