• Басты
  • Қазақстан мен Марокко парламентаралық диалогты нығайтуда
23 Сәуір, 2014 10:15

Қазақстан мен Марокко парламентаралық диалогты нығайтуда

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Марокко Корольдігі Парламенті Кеңесшілері палатасының Төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилламен кездесті.
Қазақстан мен Марокко парламентаралық  диалогты нығайтуда

Сенатта Қазақстан-Марокко қатынастарының ауқымды мәселелері және халықаралық саладағы өзекті тақырыптар төңірегінде төрағалардың арасында жемісті әңгіме өрістеді. Қ.Тоқаев жоғары мәртебелі мейманның сапары парламентаралық байланыстардың маңызды орын алатын өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Осыған байланысты жүздесушілер екі елдің парламенттеріндегі депутаттардың ынтымақтастық топтарындағы жұмысына жан-жақты жәрдемдесуге уағдаласты, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Сенатының Төрағасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат ететін «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырылуының басталғаны туралы айтты. Ол Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Марокко елін қатысуға шақырды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының басшысы ретінде Қ.Тоқаев 2015 жылға жоспарланған бесінші Съезге әзірлік туралы хабардар етіп, оған Марокконың жоғары саяси деңгейде қатысу мүмкіндігін талқылады. Сенат Төрағасы: «Қазақстан Марокконың Королі Мұхаммад VІ дінаралық үнқатысуды дамытуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалайды. Сондықтан біздің елдеріміз мұсылмандар және батыс елдері арасындағы түсіністік пен бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған бірлескен бастамаларды көтере алады», - деп атап өтті. Қ.Тоқаев Марокко королінің алдағы жылғы Съезге қатысуына сенім білдірді.

Өз кезегінде Марокко Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы қазіргі кездегі Марокконың дамуы, араб әлеміндегі және африкалық құрылықтағы жағдай туралы жан-жақты айтып берді. Елде конституциялық реформа жүргізіліп жатыр, саяси тұрақтылық және экономикалық өркендеу қамтамасыз етілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша журналистер алдында сөз алған М.Биядилла Еуропа мен Азия арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы Қазақстанның елеулі үлесін атап өтіп, біздің еліміздің тұрақтылық пен даму қарқынын жоғары бағалады.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Марокконың Королі Мұхаммад VІ ішкі саяси және аймақтық тұрақтылыққа зор мән береді. Сонымен қатар, екі мемлекеттің басшылары өркениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуға жан-жақты жәрдемдесіп келеді. Мұндай үнқатысу қауіпсіздікті нығайтуға елеулі түрде ықпал етеді», - деп атап өтті ол.

 Қазақстан мен Марокконың тұтастай қарағанда, ынтымақтастықты одан әрі дамытуда, оның ішінде балама энертегика мен ауыл шаруашылығы салаларында көптеген ортақ мүдделері мен мүмкіндіктері бар.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды