- Басты
- Жаңалықтар
- Каспий теңізі жағалауы елдерінің Сыртқы істер министрлері саммитке дайындық мәселесін талқылады
Каспий теңізі жағалауы елдерінің Сыртқы істер министрлері саммитке дайындық мәселесін талқылады
Іс-шараның ашылу кезіндегі сөзінде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Каспий теңізін жауапкершілікпен қолдану мәселесіне қатысты кешенді сұрақтар бойынша өзара тиімді шешімдерді одан әрі іздеудің маңыздылығын атап өтті, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Каспий ұзақ жылдар бойы оның жағалауын мекен еткен халықтарды бірлестірген, достық пен тұрақтылық теңізі болып отыр. Каспий теңізі статусын реттеу және халықаралық саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың құқықтық режимін құру ҚР үшін саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, каспийлік өңірді дамыту, оның табиғи байлықтарын сақтау мен көбейту және бірегей географиялық орналасуын қолдану тұрғысынан стратегиялық маңызды сұрақ болған және болып қала бермек», - деді Е. Ыдырысов.
Ерлан Ыдырысыов атап өткендей, «Тек үйлестірілген күш-жігер теңіз жағалауындағы мемлекеттердің ресурстарын әлемдік экономикаға сәтті түрде ықпалдастыруға мүмкіндік береді, ал біздің жоспарлап отырған және жүзеге асып жатқан жаңа инфрақұрылымдық жобаларымыз біздің елдеріміздің қазіргі мүмкіндіктері мен жалпы каспийлік аймақтың дамуына жағдай жасайды».
Шара аясында алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесуде қарастырылатын саяси құжаттардың жобалары қарастырылды, сонымен қатар Каспий теңізіндегі биоресурстарды сақтау мен төтенше жағдайларды алдын-алу салаларындағы салалық келісімдер жобасы бойынша жұмыстардың нәтижелері талқыға салынды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды