• Басты
  • Б. Байбек Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясының делегациясымен кездесті
23 Сәуір, 2014 09:30

Б. Байбек Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясының делегациясымен кездесті

Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясы Қазақстанға сапары аясында түске дейін ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында және «Нұр Отан» партиясы Республикалық Қоғамдық қабылдау бөлмесінде болып, онда оларға «Электрондық» партия» жобасы, сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жаңа жұмыс қалыбы таныстырылды. Сондай-ақ, ТХДП делегациясы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының жұмысымен танысты. Күннің екінші жартысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесу өтіп, партияаралық өзара қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.
Б. Байбек Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясының делегациясымен кездесті

Б.Байбек Қазақстан мен Тәжікстанды уақыт сынынан өткен тату көршілік байланыстыратынын атап өтті, деп партияның ресми порталы хабарлады. Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері қос ел арасындағы қарым-қатынас достық пен әріптестік ниетте дамып келеді деді.

«Сіздердің сапарларыңыздың алдында ғана Астанада ұлтаралық және конфессиялар арасындағы келісімді нығайтуды көздейтін Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXI сессиясы болып өтті. Партия Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан бүгінде ел дамуының, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың басты шарты болып табылатын этникалар арасындағы келісімнің қалыптасқан моделін мақтан етеді», -  деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Ол сондай-ақ, Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130 ұлттың бір өкілі - тәжік диспорасы бүгінде бірлік, тұрақтылық, достық пен толеранттық басты құндылықтар саналатын қазақстандық қоғаммен біте қайнасып кеткенін айтты.

Өз кезегінде делегация жетекшісі, Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясы Төрағасының орынбасары Асрор Латипов «Нұр Отанды» 15-жылдығымен құттықтап, «Нұр Отан» партиясының  15-жылдық жұмыс тәжірибесі мен қазақстандық этникаралық келісім мен ұлттық бірлік моделімен танысуға мүмкіндік туған бұл сапардың маңызы зор екенін жеткізді.

«Біздің халықтарды ұзақ жылдарғы достық жақындастырады. Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұражайында болып, халықтар достығы жоғары бағаланатынына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Мемлекеттің гүлденуіне мықты және беделді адам ғана осынша жұмыс жасай алады, ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәл сондай адам. Ол бүгінде тек аймақта ғана емес, одан тысқары жерлерде де Көшбасшы ретінде танылған», - деп атап өтті Асрор Латипов.

ТХДП өкілі «Нұр Отанның» халықпен жұмыс істеуде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесі делегация құрамын қызықтырып отырғанына тоқталды.

«Кез-келген партияның басым бағыттарының бірі - халыққа жақын болу, оның жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасау. Бізде де қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді, алайда бүгінгі көргендеріміз - ерекше, мұндай кең көлемдегі шараларды әлі еш жерде кездестірген жоқпыз. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысынан халықтың сіздерге деген сенімі байқалады. Ең бастысы, олар өз мәселесін шешу үшін сіздерге келеді. Шешілмей жатқан мәселелер бар, алайда біз осы жерде оларды шешуге болатынын байқадық», - деген Асрор Латипов «Нұр Отанның» партиялық жұмыс механизмдерін Тәжікстанда енгізуге ниетті екенін айта кетті.

ТХДП делегациясының сапары барысында  Қоғамдық саясат институты, Саяси менеджмент мектебі, «Жас Отан» жастар қанатының жұмысы таныстырылды. «Нұр Отан» мен Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясының ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды.

 «Нұр Отан» партиясы секілді, ТХДП өз елінде 230 мың мүшесі бар ірі билеуші саяси ұйым болып табылады. Айта кетейік, Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясы да центризм идеологиясын ұстанады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды