- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» партиясының Фракциясы мен ҰКП бірлескен жұмыс жоспарына қол қойды
«Нұр Отан» партиясының Фракциясы мен ҰКП бірлескен жұмыс жоспарына қол қойды
Күн тәртібінде нұротандық-мәжілісмендердің Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмысы талқыланды, деп Мәжілісте хабарлады.
«Нұр Отан» Фракциясы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын және орта бизнесті қолдау туралы бастамасына орай, кәсіпкерлер палатасына бірлескен іс-қимыл жоспарын құру туралы ұсыныс жасаған болатын.
Парламентшілер мен кәсіпкерлер бұл құжат бизнес саласын дамыту жолындағы түйткілді сұрақтарды жүйелі түрде шешуге және фракция мен бизнес-қауымдастық арасындағы өзара іс-қимыл амалдары мен нақты тетіктерді әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенімді.
Кеңейтілген жиын барысында Мәжіліс вице-спикері, парламенттік фракция жетекшісі Дариға Назарбаева мен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бірлескен жұмыс Жоспарына қол қойды.
Алдағы уақытта мәжілісмендер мен кәсіпкерелер құрылыс, жер қойнауын пайдалану салаларында кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізу бойынша бірлескен жұмыс тобын құруды межелеп отыр.
Сондай-ақ, Жоспарда дуалдық білім, офсеттік саясат, инжиниринг жөніндегі заң жобалары бойынша да бірлесе жұмыс атқару көзделген.
Сонымен қатар, капиталды заңдастыру, салықтық әкімшілендіру саласында «бизнес-климатты» жақсарту, мемлекеттік-жеке-меншіктік әріптестікті дамыту заң жобаларына қатысты да ұсыныстар әзірленеді.
Жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруға фракцияның, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының, фракция жанындағы кеңестік-жиналыстық органдардың, «Үкіметтік сағаттардың», парламенттік тыңдаулардың, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының мәслихаттардағы фракциялардың мүмкіндігі кеңінен пайдаланылатын болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды