- Басты
- Жаңалықтар
- ЕХӘҚМ басшысы Қазақстандағы көші-қон саясатының жетілуі туралы айтты
ЕХӘҚМ басшысы Қазақстандағы көші-қон саясатының жетілуі туралы айтты
«Көші-қон туралы өткен жылы жаңа заң қабылдаған болатын. Сол заңға сәйкес егер де Қазақстанда оралмандарды қабылдайтын аймақтар бекiтiлiп, сол өңiрлерге азаматтар барған кезде оларға оралман мәртебесi берiлген. Ал, егер олар басқа аймақтарға баратын болса, «оралман» мәртебесi алынып тасталған болатын. Бүгiн үкiметте бiз бұл мәселенi қайта қарап, қазiр бiздiң қандастарымыз республиканың қайсы облысына баратын болса да, сол жерде оларға оралман мәртебесi берiлетiн болды»,- дедi Т.Дүйсенова
Сонымен қатар, министр шетелден оралған азаматтардың бейiмделуi мен ықпалдасуы үдерiсiн жеделдету, жұмыспен қамту мәселелерi шешу мақсаттарында оралмандарды еңбек ресурстары жеткiлiксiз болып отырған өңiрлерге тартуға әрекет жасау көзделуде.
«Жаңа заңымызда көрсетiлгендей, белгiлi бiр өңiрден басқа өңiрге көшсе, онда оралмандар шетел азаматтары сияқты өздерiнiң төлеу қабiлеттiлiгiн дәлелдеп, содан кейiн уақытша тұруға мүмкiндiк алатын едi. Қазiр мақұлданған шешiмге байланысты азаматтар, этникалық қазақтар, өзiнiң төлеу қабiлеттiлiгi жөнiнде еш дәлелдеме талап етілмейді, елiмiздiң азаматтығын алу үшiн үлкен тосқауылдар болмайды», - деп толықтырды ол.
Оның айтуынша, анықтаған еңбек ресурстары жетiспейтiн өңiрлерге баратын болса, онда ол азаматтарға қосымша әлеуметтік пакет берiлетiн болады.
2014 жылға квота 0,7 % есебінде немесе 63 мың теңге қарастырылған. 2014 жылдың 1 наурызындағы көрсеткіш бойынша 21,7 мың рұқсат етілім шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған. Олар: 1,8 мың бірлік – бірінші категория, екінші категория – 5,0 мың, үшінші категория – 10,3 мың, төртінші категория – 4,3 мың және мерзімдік жұмыскерлер 0,3 мыңды құрайды.
Жалпы, Қазақстан Республикасының адам саны 2014 жылдың басындағы көрсеткішті алғанда 17 165,2 мың адамды құрайды. Оның қалалық шоғырлануы – 9 450,1 мың адам, ауылдық тұрғындар 7 715 мың адамға тиесілі. Елдің экономикалық белсенділігі 9 041,3 мың адам, өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар саны 29 пайыз, жұмыссыздар саны -5,2 пайызды құрайды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек