• Басты
  • 8 млрд доллар көлемінде сыртқы қарыз өтелді – Есімов
4 Маусым, 2020 23:03

8 млрд доллар көлемінде сыртқы қарыз өтелді – Есімов

"Самұрық-Қазына" қорының биылғы таза кірісі 1,2 трлн-нан 167 млрд теңгеге дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

8 млрд доллар көлемінде сыртқы қарыз өтелді – Есімов

Ол әлемдік экономикадағы рецессия мен қауіпті індеттің кеңінен таралуы Қор тобына кіретін компаниялардың жұмысына айтарлықтай әсер еткенін айтты. 

Осыған орай компаниялардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылданып, іске асырылып жатыр. Қордық биылғы таза кірісі 1,2 трлн-нан 167 млрд теңгеге дейін төмендейді деп күтілуде. Әсіресе ҚазМұнайГаздың кірісі 8,4% төмендеуі мүмкін. Әуе және теміржол жолаушылар ағыны 40% дейін төмендеуі күтілуде. Осыған байланысты бірқатар шаралар қолға алынды, - деді Есімов.


Сонымен қатар, ол жақында 2019 жылдың қаржылай есебі алынғанын айтты. Онда қордың сатылымнан түскен кірісі - 31% өскен, активтердің құны 30%, таза кіріс 2 есеге өскен.

Қазір қаржылай қор құрылды. 8 млрд доллар көлемінде сыртқы қарыз өтелді. Бұл жыл сайын валюта қажеттілігі үшін сыртқы қарыздарға қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражатты 260 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ қазіргі қиын жағдайды ескере отырып компанияның күрделі операциялық шығыстарын 420 млрд теңгеге қысқарттық, - деді Есімов.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды