• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Жақыпов Марокко Корольдігі Парламенті кеңесшілер Палатасының спикерімен кездесті

Қ. Жақыпов Марокко Корольдігі Парламенті кеңесшілер Палатасының спикерімен кездесті

22 Сәуір, 2014 13:15
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Марокко Корольдігі Парламенті кеңесшілер Палатасының спикері Мухаммад Аш-Шейх Биядилламен кездесті.

Қабиболла Жақыповтың атап өткеніндей, Марокко Қазақстанның Солтүстік Африкадағы маңызды әріптестерінің бірі. 

«Сондықтан біз Ислам Ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы сияқты басқа да кеңестік-жиналыстық тетіктер мен аймақтық институттар аясында бірлескен күшімізді одан әрі үйлестіруді толықтай қолдаймыз», - деді Мәжіліс Төрағасы.  

Осы ретте Қабиболла Жақыпов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясатының басым бағыттарының бірі - ұлтаралық келісім, бейбітшілік және толеранттылық ұстанымдарының маңыздылығы мен өзектілігіне баса назар аударды.

Өз кезегінде  Мухаммад Аш-Шейх Биядилла Марокко Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында қол жеткізген Қазақстан табыстарын жақсы білетінін және жоғары бағалайтынын тілге тиек етті. Және Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы айрықша қызығушылық тудыратынын атап өтті.  

Тараптар сондай-ақ, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелеріне де көңіл бөлді.

Мәжіліс Спикері көрменің «Болашақ энергиясы» деп аталатын атауының өзі энергия жетіспушілігі мен экологиялық қауіптің ғаламдық мәселелерін шешуге ықпал етсе, «ЭКСПО - 2017» энергетика саласындағы жаңа жетістіктерді паш етудің зор мүмкіндігіне айналатынын сеніммен айта келіп: 

Қабиболла Жақыпов пен Мухаммад Аш-Шейх Биядилла парламентаралық ықпалдастық жағдайын сөз ете келіп, бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы тұрақты іс-қимыл екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігін жеткізді.

Барлық жаңалықтар