Қызылорда кәсіпкерлері 11 инвестжоба ұсынды

22 Сәуір, 2014 11:00
Қызылорда облысының кезекті кәсіпкерлер кеңесінде жаңа индустриалды-инновациялық жобалар қаралды.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, кәсіпкерлер аймақта силикат кірпішін, газдалған және газдалмаған сусындарды, ет өнімдері мен басқаларды өндіруді ұсынды.

Кеңестің ашық отырысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Елбасының Жарлығымен кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында 1 трлн теңге бөлінді. Бүгінде қомақты қаржының жартысы екінші деңгейдегі банктерге аудырылды. Енді біз сапалы инвестициялық жобаларды ұсынуымыз керек, деп ағынан жарылды.

Сонымен,  «Шиелі тас» ЖШС жылына 15 млн. силикат кірпішін өндіретін зауыт туралы жобаны ұсынды, кәсіпорынның құрылысы осы жылы басталады.

Бұдан басқа, «Бест Сервис ЛТД» ЖШС-нің етті терең өндеу кешенінің құрылысы бойынша жобасы мақұлданды.

«ҚазЭлектроИнжинирингСервис» ЖШС мен «Теплотехникс 2»  мұнайды қайта өңдеу үшін қажет ерекше құралдарды өндіретін цех туралы жобаны таныстырды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер өңірде жылдам дайындалатын күріш ботақасы, күріш ұнын және өзгеде өнімдердің өндірісін бір жолға салуды ұсынды. 

Өз кезегінде аймақ басшысы құзырлы органдарға барлық жобалармен жіті танысып, қажетті қолдауды көрсетуді тапсырды.  

Барлық жаңалықтар