• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президентінің Күзет қызметі мен ҚР Республикалық ұланы Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта құрылды

ҚР Президентінің Күзет қызметі мен ҚР Республикалық ұланы Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта құрылды

21 Сәуір, 2014 18:25
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №807 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы қосу жолымен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта ұйымдастырылды.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері  қайта құру жолымен ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта ұйымдастырылды.

 

Барлық жаңалықтар