- Басты
- Жаңалықтар
- Ветеринарлық-санитарлық шаралар туралы КО Келісімі АӨК-ге оң әсер берді – М.Тайтубаев
Ветеринарлық-санитарлық шаралар туралы КО Келісімі АӨК-ге оң әсер берді – М.Тайтубаев
«Еуразиялық экономикалық кеңес аясындағы интеграциялық процестердегі ветеринарлық-санитарлық шаралар туралы КО Келісімі қазақстандық ветеринарияға оң әсер етті. Бұл әсіресе мал шаруашылығы өнімдерінің саудасында өз жемісін беруде. Аталмыш келісім біздің елдеріміз арасындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік берді. Біріншіден, ветеринарлық сертификат беру жеңілдетілді. Бұл Кедендік Одақтың үш мемлекеті арасында жүзеге асырылады. Келісімнің күшіне енгенінен кейінгі нәтижені салыстыратын болсақ, айтарлықтай жетістіктерді байқаймыз. Келісім түзілгенге дейін 6 құжатты рәсімдеу керек болатын. Соның ішіне үш елің де рұқсаты талап етілетін. Қазір тек Қазақстанның берген рұқсаты жеткілікті. Бұл КО елдерінде реестрден өтуге мүмкіндік береді», - дейді М.Тайтубаев.
Сонымен қатар ол, ветеринарлық сертификаттарда қайта рәсімдеу шараларының жеңілдетілгенін тілге тиек етті.
«Бүгінде Қазақстанның кез-келген аймағында берілген ветеринарлық сертификаттар Ресей мен Беларусияның барлық аймағында жұмыс істейді. Бұдан басқа, жағымды жаңалықтардың бірі Кедендік одақ аясында тіркелген препараттарды пайдалану болып табылады. Егер осы келісімге қол қойғанға дейін тағыда қасымша тіркеуден өту керек болса, енді тіркелген ветеринарлық препарат КО мүше елдердің барлығында бірдей жарамды», - деп М.Тайтубаев түсіндіріп өтті.
«Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге оң әсер етті, енді олар аталмыш препараттарды белсенді сатып алуда», - деп ол толықтырды.
Айта кетейік, 2009 жылдың 11 желтоқсанында ветеринарлық – санитарлық шара бойынша Кедендік одақ келісімі қабылданған болатын. Ол ветеринарлық қызметтің негізгі құжаты болып табылады. Яғни, КО мемлекет-қатысушылар елдеріне қатысты. Айта кетерлігі, келісілген Келісім ауыр халдегі жануарлар тұрғысында бірлескен қызметтерді реттейтін қарым-қатынасты реттейді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар