ИНФОГРАФИКА: Үкіметтің жол картасы

21 Сәуір, 2014 12:20
2014 жылға арналған Жол картасының әлеуметтік-экономикалық саясаты 10 негізгі мақсаттың жүзеге асуынан тұрады.

Айта кетейік, Жол картасының жобасы Үкіметпен 2014 жылдың 14 сәуірінде мақұлданған болатын.

Жол картасы 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының негізгі талаптарын, Қазақстанның 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің ішіне ену бойынша Тұжырымдамасын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Жол картасы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады.  Ол - макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсімді ынталандыру мен экономиканың нақты секторын қолдау, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік және логистикалық инфрақұрылымдарды әртараптандыру, қаржы жүйесін дамыту және банк секторын сауықтыру болып табылады.

Жекешелендірудің екінші толқынының басталуы мен «Халықтық IPO» бағдарламаларын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

 

Барлық жаңалықтар