• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да азық-түлік өнеркәсібін қаржыландыруға 25 млрд теңге бағытталады – Л.Ибрагимова

ҚР-да азық-түлік өнеркәсібін қаржыландыруға 25 млрд теңге бағытталады – Л.Ибрагимова

21 Сәуір, 2014 15:40
ҚР-да 25 млрд теңге азық-түлік өнеркәсібін қаржыланыру үшін ҚР Ұлттық қорынан ШОБ қолдау мақсатында бағытталады, деді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

«Даму» Қоры екінші деңгейлі 13 банкпен игеру уақыты 6 ай мерзімімен 20 жылға дейін 2 пайыздық үстемемен Келісім құрды. Демек, 2014 жылдың 18 қазанында Қазақстан кәсіпкерлері аталмыш банктерден қаражат ала алады», - дейді Л.Ибрагимова.

Оның айтуынша, бірінші кезекте, бұл көмекке қазақстандық тауар өндіретін кәсіпкерліктер қол жеткізбек.

«Банктер басқа-басқа емес, өңдеуші шағын және орта кәсіпкерліктерге несие беретін болады. Осы тұрғыда бөлінген қаражаттың 50 пайызын жұмыс істеп тұрған компанияларға немесе жұмыс істеп тұрған қарыздарды қаржыландыруға бағытталмақ. Алайда қалған жартысы жаңа бастамаларды қолдау үшін жұмсалады. Осы орайда 25 млрд теңге азық-түлік өнеркәсібінің жұмысын дөңгелетпек. Бұл өз кезегінде тұрғылықты халыққа арзан бағамен отандық өнімді жеткізуге мүмкіндік бермек», - дейді Л.Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 14 сәуірінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 100 млрд теңге бөлінген 10 бағыттан тұратын ел экономикасына қолдау көрсету бойынша Үкімекттің Жол картасы таныстырылған еді.

Барлық жаңалықтар