- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда электрондық қалдықтарды басқару жобасы іске қосылды (фото)
Қазақстанда электрондық қалдықтарды басқару жобасы іске қосылды (фото)
««Электрондық қалдықтарды басқару» жобасының мақсаты - электронды қалдықтарды басқару механизмін жасақтау. Атап айтатын болсақ, мобильді телефондар саласында қалдықтарды басқару және оларды қауіпсіз кәдеге жарату мәселесін шешу.
Қазақстанда ескірген және жарамсыз болып қалған қалдықтардың барлығы полигондар мен қоқыс үйіндіреліне жіберіледі. Алайда, Астананы есепке алмағанда еліміздегі бірде-бір ҚТҚ жәшігі санитарлық және сақтау бойынша экологиялық талаптарға сай келмейді. Яғни, ауыр металдар мен олардың құрамындғы таксинди қалдықтар су мен ауаға және жерге сіну арқылы қоршаған ортаға ғана емес, халықтың денсаулығына да зиянын келтіруде», - деп ведомсвто басшысы атап өтті.
Сонымен, статистикаға сәйкес, Қазақстанға 2000 және 2010 жылдар аралығында 3 млн. жуық жеке компьютерлер алып келінді. Бүгінде олардың жартысынан көбі электронды қоқысқа айналды.
Жоба шеңберінде электронды қалдықтарды жинау және кәдеге жарату бойынша сызбасын жасақтау, электронды техниканы сату орындарында ұялы телефондарды жинау эко -бокстарды орнату, халықты электронды қалдықтардың зияны және оларды кәдеге жарату жолдары туралы ақпараттық компанияларды өткізу жоспарлануда.
Бұдан басқа, инвестиция тарту механизмін жасақтау және мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы инвестиция тарту мезханизмі жасақталады деп күтілуде.
Жалпы, ведомствоның мәліметі бойынша, елімізде бір жылда компьютерлер санының артуы 26%, ал ұялы телефондар көлемі 120 мыңнан 140 мың дананы құрады.
Сонымен қатар, соңғы 20 жылда «электронды қоқыстардың» көлемі - компьютерлер, мобильді телефондар, мониторлар, телевизорлар, принтерлер мен басқада мүмкін электронды заттардың қалдығы 10 есе өсті.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды