- Басты
- Жаңалықтар
- «ЖҚЖК- 2020» кеңейту аясында 7 мыңға жуық мүгедекті еңбекпен қамту қарастырылған - Т.Дүйсенова
«ЖҚЖК- 2020» кеңейту аясында 7 мыңға жуық мүгедекті еңбекпен қамту қарастырылған - Т.Дүйсенова
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» қатысушылардың контингенті кеңейтілді және кейіннен жұмысқа орналасу, ауылды жерлерде жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге микрокредит алу мақсатында кәсіптік қосымша оқудан өтуге мүмкіндік берілген мүгедек адамдарды қамтиды. Осы жұмыс аясында шамамен 7 мың адамды еңбекпен қамту күтілуде», - деді Т. Дүйсенова.
Ол сондай-ақ, соңғы үш жылда жоғары оқу орындарына квота бойынша 680-нен астам мүгедек, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына тағы да 1146 мүгедек қабылданғанын хабарлады. Жыл сайын еліміздің ЖОО мен колледждерінде 2800-дей мүгедек оқиды. Олардың басым бөлігіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеңілдікті стипендия беріледі, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.
«ҚР мүгедектердің жалпы санының 65,6 %-ы еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар, оның ішінде 47 %-дан астамын нәтижелі жұмыспен қамтуға ешқандай да кедергі жоқ. Жұмыс істейтін мүгедектердің саны 82 мыңнан аспайды, бұл еңбек ету қабілеті сақталған мүгедектердің 43,5 %-ы дегенді білдіреді», - деп толықтырды Т. Дүйсенова.
Оның айтуынша, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің негізгі тетіктері жұмыс берушіде арнаулы жұмыс орындары болған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдарды қолдау мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі механизмдері болып отыр.
ЕХӘҚМ мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстанда 33 соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны және 18 саңыраулар қоғамы қызмет етуде, онда шамамен төрт мыңдай мүгедек жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта, ЕХӘҚМ мәліметінше, елімізде 600 мыңнан астам немесе халықтың жалпы санының 3,5 %-нан астам мүгедек өмір сүреді, оның ішінде 69 мың мүгедек бала.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді