- Басты
- Жаңалықтар
- ККМ Қазақстан – Түркия бағыты бойынша қосымша 16 тұрақты рейс ашуға рұқсат берді
ККМ Қазақстан – Түркия бағыты бойынша қосымша 16 тұрақты рейс ашуға рұқсат берді
Бұл келісімге өткен аптада Қазақстан мен Түркияның авиациялық биліктері қол жеткізді. Түркия жағының ұсыныстарын зерттей келіп, Қазақстан – Түркия бағытындағы туристік тасымалдау рыногының мониторингі нәтижесі бойынша ҚР Азаматтық авиация комитеті осындай шешім қабылдады. Аталған мониторингті Көлік және коммуникация министрлігі қазақстандық туроператорлармен, ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен, Қазақстанның туристік ассоциациясы мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар минситрлігінің Туризм индустриясы комитетімен бірлесіп өткізген болатын, деп ведомствода хабарлады.
ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметотің айтуынша: «Біз түркиялық әріптестерімізбен бірнеше рет екі ел арасындағы ұшулар мүмкіндігін әлденеше рет талқылаған болатынбыз. Біздің азаматтарымыздың арасында аталған бағыттардың жоғары сұранысқа ие екендігін ескере отырып, 2014 жылғы жазғы кезеңіне толықтай аптасына қосымша 16 рейс ашу туралы шешім қабылданды. Басты шарт – рейстердің тұрақты болуы. Бұл аталған рейстер бекітілген кесте бойынша орындалатынын, ал билеттер еркін сатылатындығын білдіреді. Сонымен қоса, Қазақстанда авиакомпаниялардың ұшуларды қамтамасыз ететін, жолаушылар алдында тікелей жауапты өкілдіктері бар екендігін атап өткен абзал».
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді