Астанада Инновациялық конгресс өтеді

21 Сәуір, 2014 11:20
22 мамырда Астана қаласында «Индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасындағы инновацияның рөлі» Инновациялық конгресі өтеді.

Конгресс бағдарламасы ҚР инновациялық дамуының өзекті сұрақтарын қарастырады. Ол мемлекеттік қолдау  құралдары мен  индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасындағы инновацияның рөлі тақырыбына кеңінен тоқтайды. Трансферттік технологиялар мен коммерцияландыру сынды сұрақтар да назардан тыс қалмайды.

Конгресс жұмысына Германия, Жапония, Корея, Ресей, Франция, АҚШ елдерінің делегаттары қатысады, деп «Технологиялық реттеу бойынша Ұлттық агенттік» АҚ хабарлады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар