- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Италияның аймақтары өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Қазақстан мен Италияның аймақтары өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Өңірдің Вице-президенті Гуидо Тромбеттимен, Наполидің Мэрі Луиджи Де Маджистриспен, Префекті Франческо Антонио Мусолиномен кездесулері өтті, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады. Әңгіме барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыларға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы заманауи жетістіктерін, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Жолдауы контестінде ұлттық және сыртқысаяси бастамаларын хабарлады.
Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудің дайындық кезеңіне ерекше назар аударылды. Қазақстан Елшісі Кампания кәсіпкерлер қоғамын жоспарланған маңызды халықаралық шараға белсенді қатысуға шақырды.Келіссөздер барысында Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін көпшілікке тарату мақсатымен жер шарын кезіп жүрген қазақстандық атақты сапаршегуші Сапар Искаковтың Наполиге сапарының ұйымдастыру шаралары талқыланды.
Елшілік делегациясының сапар бағдарламасының негізі Наполидегі конференция барысында әлімдік сарапшылар орталарының ұсыныстарын ескеруімен, БҰҰ қолдауымен әзірленген Әлімдік дағдарысқа қарсы жоспар жобасын талқылау болып табылды. Шамамен 50-ге жуық шақырылған қонақтардың қатысуымен өткен іс-шара Наполидің Сауда-өнеркәсіп палатасы және «Евроспортелло» инвестициялық агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылған.
Конференцияны ашу салтанатында Наполи СӨП Президенті Маурицио Маддалони серпінді дамып келе жатқан Қазақстан, дағдарыстың қиын жылдарында экономиканың өсу көрсеткішін 5-6 пайызда ұстап тұрғанын ескере отырып, басқа елдерге лайықты көрсеткіш бола алатынына назар аударды. Осыған орай, оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспардың бастамасын және ілгерлету бойынша жұмысын жүргізіп, бүкіл әлемнен білікті жағымды пікірлер жинап жатқаны кездейсоқтық емес екенін атап өтті.Атақты итальяндық және еуропалық экономист, «Ла Сапиенца» және «Тор-Вергата» университеттерінң профессоры, жетекші экономикалық басылымдардың шолушысы, соның ішінде «Медзоджорно» экономикалық жәрналы, Массимо Ло Чичеро сөз барысында G-GLOBAL алаңында талқыланып жатқан Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспарының Концепциясының жоғары маңыздылығын атап өтті.
Елші А.Елемесов Салерно қаласында бірқатар шараларға қатысты. Қала Перфекті Джерардо Мария Панталонемен кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан экономикасының даму перспективасын, ҚР-да шетел бизнесі үшін ашылып жатқан мүмкіндіктер туралы хабарлады.
Сапар барысында Салерно СӨП және халықаралық «Интертрэйд» компаниясының қолдауымен «Қазақстан: экономикалық дамудық жаңа көзі» атты өңірлік бизнес-форумы өтті. Іс-шараға қаланың негізгі салаларында жұмыс істейтін өнеркәсіптердің басшылары қатысты. Шара нәтижесінде Салерно кәсіпкерлері қазақстандық әріптестермен ынтымақтастықты дамыту және бірлескен өнеркәсіптер ашу мақсатында Қазақстанның өңірлеріне сапар шегуге қызығушалақтарын танытты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды