Риддерде 4 мыңнан астам көшет отырғызылды

20 Сәуір, 2014 11:00
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындары 48 га жерді тазалап 4 мыңнан астам көшет отырғызды.

Мыңға жуық риддерліктер, оның ішінде студенттер, кәсіпорын қызметкерлері, оқушылар мен қоғамдық ұйым өкілдері жалпықалалық «Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күні»  сенбілігіне  шықты.

Акция барысында  4 мыңнан астам  көшет отырғызылды. Олар: алма ағашы, терек, қайың, шырша. Жалпы, көліктің 15 техника бірлігі мен қоқыс шығаратын машина жұмылдырылды, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлапды.

Айта кетерлігі, әлеуметтік сала мекемелері ведомство астындағы аймақтарда жұмыс істеді. Балабақаша алаңында балалар мен ата-аналар тазалық шарасын жүргізді. Оқушылар мен студенттер нысандар қасында жасыл желек отырғызды, яғни қоғамдық жерлерде: Жеңіс паркі интернационалистер паркі тазаланды. Тұрғын –үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері аулаларды қалпына келтірді.

Ерекше назар ескерткіш маңайына аударылды. Ауған әскери саябағында жастарды қолдау орталығының мүшелері белсенділер жұмыс істеп, көркіне әкелді.

Барлық жаңалықтар