- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда республикалық экологиялық акция өтті
Қазақстанда республикалық экологиялық акция өтті
Акцияға мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындардың жұмыскерлері, үкіметтік емес, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Оларға табиғатты қорғау ұйымдары мен мемлекеттік орман иеленуші кәсіпорындардың мамандары көмек көрсетті, деп ҚОСРМ министрлігінде хабарлады.
Астанадағы акция бүкіл қалалық сенбілікпен қатар жүргізілді. Оған Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен ведомствоның 200 жуық қызметкері қатысты.
«Бүгінгі акцияға 100 мыңнан астам қазақстандық қатысады. Республика бойынша 600 мыңнан астам ағаш отырғызылмақ. 2012 жылы «Рио+20» саммитінде әлемде 2017 жылға дейін 100 миллион ағаш отырғызу бастамасы қолдау тапқан болатын. Бүгінгі акцияны өткізіп, біз осы бастамаға іс жүзінде қосылып отырмыз»,- деп, Н. Қаппаров қазақстандықтарды осы экологиялық шараға белсенділікпен қатысуға шақырды.
Сонымен қатар министр Алматы тұрғындарының дауыл салдарынан зардап шеккен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Шренк шыршасының 10 мың көшетін отырғызғандығын мәлімдеді.
2011 жылғы дауыл ұлттық парктың 731 гектар алқабын қамтып, жалпы көлемі 246 мың кубометр құраған ағаштарды құлатқан болатын. Өткен 3 жылда ұлттық табиғи паркі аумағының 448 га алқабында 86,8 мың кубометр ағаш жиналды. Осы мерзім ішінде орманды қалпына келтіру жұмыстары ауданы 45,6 га алқапта жүргізілді.
2014 жылы дауыл құлатқан ағаштар 92 га алқапта жиналады. Нәтижесінде 15 мың кубометр ағаш жиналмақ.
Дауылдан зардап шеккен учаскелерде ағаш отырғызу 2014-2015 жылдардың көктемгі айларында жүргізіледі.
Айта кетейік, Қазақстандағы орман қорының жалпы ауданы 28 млн. 786 мың га немесе ел аумағының 10,6% алып отыр. Ағаш өскен алқаптар 12 млн. 452 мың га немесе орман қоры жерлерінің ауданының 43,3% құрайды. Орман-тоғайлылық үлесі 4,6 пайызды құрап отыр.
123 орман мекемесіне тиесілі 22 млн. 800,6 мың га орман немесе жалпы орман қоры аумағының 79 пайызы облыс әкімшіліктерінің қарамағында.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады