Қазақстанның жас авторлары Астанаға арнап ән шығарады

19 Сәуір, 2014 11:30
«Ән жүрегім – Астана» атты ән байқауына өтініш қабылдау басталды.

Осымен төрт жыл қатарынан өтіп жатқан конкурс барлық Қазақстаннан жас таланттарды жинауда. Олар өз туындыларында Астананың әсемдігі мен көркемдігін сипаттап, сезімін білдіреді, деп «Бәйтерек» медиаорталығында хабарлады. Оған қоса, додада шығармашыл адамдарды өнердегі орнын табуға тамаша мүмкіндік жасалған.

Конкурстың негізгі бағыттары авторлық әндерді таныстыру, ол Астана қаласының бейнесін толық ашуы тиіс. Жас композиторлар мен өнер ұйымдары, әншілер, ақындардың туындыларын насихаттау және ҚР жас таланттарына қолдау көрсету басты талап болып табылады.

Конкурс жеңімпаздары Елорда күніне арналған гала-концертке қатысады.

Барлық жаңалықтар