- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мейрамымен құттықтады
Н. Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мейрамымен құттықтады
«Бүкіл жер шарындағы миллиондаған адам ерекше сезіммен күтетін жарқын мереке – Пасхамен шын жүректен құттықтаймын!Бұл – христиандар үшін ең қастерлі күн және биыл оны провославтар мен католиктер бір мезгілде мерекелеуінде символдық мән бар»-делінген құттықтау мәтінінде.
Оның айтуынша, Пасха жаңару, шаттық және үміт лебін ала келеді. Ол ізгілік бастауының, ақиқат пен әділеттің салтанатын паш етіп, игі істерге шақырады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл күндері барлық адамға бірлік, сенім, өзара құрмет және сұхбаттасуға бейілділік сияқты құндылықтардың өміршең мәні айрықша айқын сезіледі. Гуманистік мұраттар ортақ рухани кеңістік қалыптастыра отырып, мейлінше құнды бола түседі.
Елбасы айтқандай, «Қазақстан – қоғамның нығаюына, елдің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосатын барлық дін үшін құшағы ашық ел. Біздің мемлекетіміз барлық конфессия өкілдеріне жайлы ахуал қалыптастырып отыр. Біз бәріміз бірге, соның ішінде провославтар мен католиктердің де белсене қатысуымен татулық пен келісім арқылы қуатты Қазақстанды қалыптастырудамыз».
«Пасха – адамдарды жақындастыра түсетін отбасылық мереке және бұл тату-тәтті тұратын, ортақ болашағына сеніммен қарайтын алып шаңырақ іспетті біздің ел үшін ерекше маңызды.Менің құттықтауымды және бақыт, игілік, жан жылуын тілеген лебізімді қабыл алыңыздар! Барша қазақстандықтарға өзара түсіністік пен келісім тілеймін!»,-деді ҚР Президенті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады