• Басты
  • ҚР Президенті ҚХА-ның ХХІ сессиясында мемлекеттік наградаларды табыс етті (фото)

ҚР Президенті ҚХА-ның ХХІ сессиясында мемлекеттік наградаларды табыс етті (фото)

18 Сәуір, 2014 17:30
Бүгін «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Денис Тен мен ҚХА мүшелеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

ҚХА-ның  ХХІ сессиясында мемлекеттік наградалар табыс етілді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочи қаласында өткен ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге «Құрмет» ордені мен Ассамблея мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медальдарын табыс етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыхалықтық бірлікті, бейбітшілікті, тұрақтылықты  қамтамасыз ететін қарар қабылдады. Ол экстремизмге қарсы және өзге теріс жолдардан алалап бірлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл Елбасының Қазақстан халқының мызғымаз бірлігін сақтап тұратын саясаты.

Сессия жұмысында Мемлекет басшысы 2015 жылды Қазақстан халқының жылы деп бекітті. Осы орайда Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап, Ұлттық жоспарды дайындауды тапсырды.

Мемлекет басшысы еңбектенуге ниет білдірген жастар үкімет тарапынан қолдау табуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы «Жасыл ел» бағдарламасын терең өмірлік мәні бар аса маңызды шара екендігін тілге тиек етті.

Елбасының айтуынша, жасыл ел дегеніміз – Мәңгілік ел дегеніміз. Біздің елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жер тамсанбай тұра алмайтын мәңгілік жасыл елге айналдыруымыз қажет. Кейінгі ұрпаққа желде - ық, суықта - пана, суықта - сая болатын мәңгілік бәйтерек тұрпатта жасыл елді табыстауыз қажет.

Айта кетейік, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтуде.

Барлық жаңалықтар