- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Алматыда ҚХА қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме құруды тапсырды
ҚР Президенті Алматыда ҚХА қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме құруды тапсырды
«Аймақтық дәрежеде Ассамблея құрылымының нығаюын жетілдіру үшін менің тапсырмам бойынша Алматы және Астана, өзге қалалар үшін арналған шағын Ассамблея тұжырымдамасын дайындау керек. Ассамблеяның хатшысына Достық үйлерінің құрылысын назарда ұстауды тапсырамын. Әсіресе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында», - деді ҚР Президенті.
Елордамыз Астанаға келер болсақ, біріншіден, толерантты халықаралық қатынастың нағыз белгісіне айналуы керек. Мұнда тіл туралы барлық заң өз деңгейінде орындалуы керек. Атап айтар болсақ, инфрақұрылым, қалалық транспорт,көшелер, даңғылдар мен өзге де қалалық нысандар қазақ және орыс тілдеріндегі белгілері көрсетілуі керек. Бұл барлық өңір мен облыстарға да қатысты.
«Елордада 2015 жылды Астана-бейбітшілік мен келісім қаласы деген ұранмен өткізу керек. Бүгінде Ассамблеяның ағымдық жұмыстарын басқаратын механизмді құру туралы мәселесі туындап отыр. Үкіметке ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін Алматыдағы Достық үйінің жанынан Ассамблеяның қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемені құру туралы мәселелерді, сонымен қатар облыс әкімдірімен бірге шағын Ассамблеялардың қызметін қамтамасыз ететін аймақтық мекемені құру мәселесін толығымен шешуді тапсырамын», - деді ол.
Айта кетейік, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтуде.
Оның жұмысына барлық аймақтардан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың өкілдері қатысуда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары