- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы етіп жариялады
Н.Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы етіп жариялады
«Келер жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және біздің Конституцияның референдумда қабылданғанына 20 жыл толады. Бұл екі атаулы оқиға біздің біртұтастығымызды сақтап тұрған қос тарихи қадам. Ассамблея алғашқы екі жылдағы сессиясында 1995 жылғы Конституцияның қабылдануын қолдады», - дейді Елбасы.
Н.Назарбаевтың айтуынша, ҚХА өзгелерің алды болып алғаш рет халықты Конституция референдумына дауыс беруге шақырды.
«Сондықтанда келесі 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялауды ұсынамын. Сонымен қатар, жыл бойы барлық шараларды осы маңызды шараның белгісімен өткізген де жөн болар», - деп Елбасы атап өтті.
Осыған байланысты, ол Үкімет пен Ассамблеяға бірлесіп Ассамблея Жылы аясында және Конституцияның 20 жылдығына өткізетін шаралардың ұлттық жоспарын жасақтауды тапсырды.
Бұдан басқа, президент Астанада Қазақстан халқы форумын дайындап өткізуді ұсынды. Онда ҚР-ның достық пен келісімді нығайту бойынша көпжылдық еңбегі қорытындыланады.
Айта кетейік, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтуде.
Оның жұмысына барлық аймақтардан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың өкілдері қатысуда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді