• Басты
  • Қазақстан халқы Ассамблеясында ЭКСПО-2017 және Универсиада-2017-ге дайындық жөнінде жоспар болуы керек – Н. Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясында ЭКСПО-2017 және Универсиада-2017-ге дайындық жөнінде жоспар болуы керек – Н. Назарбаев

18 Сәуір, 2014 16:15
Ассамблеяда ЭКСПО-2017 және Универсиада-2017 өтетін ірі шараларға дайындауға негізгі жоспар дайындау керектігін айтты. Бұл туралы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Ассамблеяда халықаралық байланыстар жеткілікті, мен олардың барлығын G-Global идеясын жетілдіруге қатысуға шақырамын. Ол шараларда біз өзіміздің мәдениетіміз бен толеранттылығымызды айқын көрсетуіміз қажет», - деді Н. Назарбаев.

«Қазір барлық интеграциялық қадамдардың халықтық дипломатияға негізделгені маңызды. Бәрінен бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңінен қолдауы керек. Әлемде 300-дей интеграциялық бірлестіктер жұмыс істеп тұр. Бұл заман талабы. Көршілес елдер ешбір кедергісіл алыс-беріс жасай беруі керек. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына енудің аз-ақ алдында тұрмыз. Осы орайда біздің қазіргі кірігу процестеріміз өзінің артықшылығын байқататын болады. Кәсіпкерлік те осы интеграция арқылы дами алуы керек», - деді Н.Назарбаев.

«Халықаралық қатынастар қазір күрделі кезеңдерді бастан өткеруде. Мені әсіресе ядролық материалдардан қорғану саласындағы алдыңғы қатарлы ядролық державалардың ынтымақтастығының тоқтатылуы қаупі алаңдатады. Бұл өз кезегінде әлемге ядролық қауіптің бастамасын әкелуі мүмкін. Ол дегеніңіз соңғы он жылдықта қол жеткізген жетістіктердің зая кетуі», - деді Елбасы.

Біз, қазақстандықтар, ядролық қарусыздану тұрғысынан мәңгілік бейбітшіліктің отаны болып қала береміз.

«Біз бүгінде халықаралық саясатта шиеленіскен жағдайды көріп отырмыз. Осы тұрғыда Қазақстан мен Ресейдің ұзақжылдық достығы мен әріптестігі мызғымастығын көрсетіп отыр. Ресеймен қатынасымыз біздің сыртқы саясаттағы басымдылығымыз болып қала бермек», - дейді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтуде.

Барлық жаңалықтар