ҚР Ұлыбританиядағы елшісі Еуразияның таңдаулы елшісі атанды

18 Сәуір, 2014 16:30
Беделді британдық «Дипломат» журналының сауалнамасының нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Қайрат Әбусейітов 2014 жылғы номинацияда «Еуразияның таңдаулы елшісі» деп танылды.

1947 жылы ашылған «Дипломат» журналы халықаралық қатынастар саласындағы британдық жетекші журнал болып табылады, деп ҚР СІМ-де хабарлады.

Сауалнамаға Лондонда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялардың 165 басшысы, министрлер Кабинетінің және көлеңкеленген Кабинеттің мүшелері, 650 парламентарий, халықаралық қатынастарға жауапты Лордтар Палатасының мүшелері, ЕО-ның комиссарлары және Еуропарламенттегі британдық депутаттар қатысты.

Марапаттау рәсімі ү.ж. 14 сәуірінде өтті. Оған дипломатиялық корпустың Маршалы мен дуайені, дипломатиялық миссиялардың басшылары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Барлық жаңалықтар