- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭО аясында көлік тасымалы тарифіне теңестіру болмайды - ҚТЖ
ЕЭО аясында көлік тасымалы тарифіне теңестіру болмайды - ҚТЖ
18 Сәуір, 2014 13:00
Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың жобасы бойынша жұмыс істеу барысында көлік тасымалы тарифін теңестіру мәселесі де қарастырылды, бірақ Қазақстан жағы оған келісім берген жоқ. Бұл туралы ОКҚ бүгінгі брифингі барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Еркін Жусанбаев баяндады.
Бәрімізге белгілі, Қазақстандағы көлік тасымалының тарифтері Ресейге қарағанда 2 есе арзан, деп атап өтті ҚТЖ өкілі.
«Тиісінше, Қазақстан жағы мәселенің негізді екеніне қарамастан, онымен келіскен жоқ. Сонымен қатар бізде ұлттық заңдылықтарға сай белгіленген, ҚТЖ экономикасында қалыптастырылатын шығындар базасына сәйкес келетін тарифтер сақталып қалды», - деп мәлімдеді Е. Жусанбаев.
Сондай-ақ, келіссөздер барысында айырықша тарифтер ұсыну, яғни жеңілдіктер беру, ұлттық деңгейде сақталады деп шешілді, деп ҚР Президенті жанындағы ОКҚ ресми порталы хабарлады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар