Көкшетауда сенбілік аясында 500 көшет отырғызылады

18 Сәуір, 2014 12:45
Ертең Көкшетауда жарияланған экологиялық айлық аясында «Біз таза қала үшін» деген ұранмен жалпыхалықтық сенбілік өтеді.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, сенбілікке 7 мыңға жуық көкшетаулық қатысады деп күтілуде және 80-ге жуық техника тартылады. Сонымен қатар, сенбілік аясында 500-ден астам көшет отырғызылады деп жоспарланған.

Айта кетерлік жайт, облыс орталығының аумағы 115 учаскіге бөлініп, ұйымдар мен кәсіпорындарға бекітілген.

«Көкшетауды санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын басқару үшін әкімшілікте арнайы штаб құрылып, қалалық ұйымдар және  кәсіпорындармен жиналыстар өткізілді», - деп Көкшетау қаласы әкімінің кеңесшісі Д. Жакеев ағынан жарылды.

Барлық жаңалықтар