- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 22 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі
Жамбыл облысында 22 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі
Қалған үш нысанның құрылысы келер жылы аяқталады. Жобалардың жалпы құны 4,6 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Атап айтар болсақ, «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында Тараз қаласында жалпы құны 2,6 млрд теңге болатын 300 орындық қалалық көпсалалы аурухана ашылады.
Сонымен қатар, «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен ауруханалар құрылысы» жобасы аясында облыста 5 медициналық мекеме пайдалануға беріледі. Бұлар – Сарысу ауданындағы тәулігіне 20 кісіне қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункт, Жуалы ауданындағы тәулігіне 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, Қордай ауданындағы тәулігіне 30 адамды қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункт пен 20 адамдық медициналық пункт, сонымен қатар Меркі ауданынағы 30 адамдық дәрігерлік амбулатория. Бұл жобалардың жалпы құны шамамен 486 млн теңге.
Бұдан бөлек жоғарыда айтылған жобалардан бөлек тағы 16 денсаулық сақтау нысаны салынады. Олардың жалпы құны 630 млн теңге.
Жалпы, егер өткен жылы өңірде 20 денсаулық сақтау нысаны салынса, 2009-2012 жылдары аралығында 44 денсаулық сақтау мекемелері салынған.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді