- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісмендер Қылмыстық-атқару кодексін қарастырады
Мәжілісмендер Қылмыстық-атқару кодексін қарастырады
Депутаттардың талқылауына Қылмыстық-атқару кодексін екінші оқылымға шығарылады, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Құжат жайында баяндай келе салалық Комитет заң жобасы сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін, қылмыстық жазаларды орындаудың тиімділігін едәуір арттыру, сотталғандарға тәрбиелік тұрғыдан ықпал етудің сапасы мен дәрежесін жақсарту және сотталғандарға қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету мақсатында қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталғанын мәлімдеді.
Жалпы отырыста «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы заң жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қаралады.
Палатаның күн тәртібіне қазақстан-ресей аралық әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы Келісімді ратификациялайтын заң жобасы да енгізілді.
Осы күні депутаттар мақта саласын дамыту мәселелері бойынша, пошта байланысы саласындағы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру және пошта операторларының қызметін реттеу мәселелері бойынша түзетулер және «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады.
Алда болатын жалпы отырыстың күн тәртібіне депутаттардың аймақтарға шығып сайлаушылармен кездесуі жайлы мәселе де қосылған.
-
Жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексінен не күтеміз -
Салық кодексіне қандай түзетулер енгізілмек -
Мемлекет басшысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды -
Мәжілісмендер Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге көмек қорына бір күндік жалақысын аударды -
Мәжілісмендер Алматы облысында азаматтарды қабылдауда
-
Нұр-Сұлтанда Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексінің жобасы таныстырылды -
Н.Назарбаев: Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Жарғылық органдары кең ауқымды мәселелерді қарастырады -
Мәжілісмендер өңірлерде: қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға барынша атсалысамыз -
Мәжілісмендер өңірлерде Елбасының бастамасын түсіндірді -
БҚО-да мәжілісмендер өңірдің проблемаларын талқылады -
Сенаторлар Ақмола облысының кәсіпкерлерімен жаңа Салық кодексін талқылады -
Мәжілісмендер «Тұлпар Тальго» ұжымымен кездесті -
Қазақстан Президенті Салық кодексіне қол қойды -
Парламент жаңа ҚР Кедендік кодексін мақұлдады -
ЕЭК-те ЕАЭО жаңа Кедендік кодексінің тәртібі анықталды